Маңғыстауда жол апатынан 5 адам қаза тапты. Кәмелет жасына толмаған 4 жеткіншек ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Оның ең кішісі - 1,5 жаста. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы тікелей байланыста.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:Қайғылы оқиға Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 52-ші шақырымында кеше түнгі екілер шамасында болған. Lexus көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылған. Салдарынан 2 ер адам, 3 әйел адам қайтыс болды. Көлік жүргізушісі 27 жастағы қыз да оқиға орнында тіл тартпастан кетті. Сондай-ақ, қаза болғандардың арасында 31 жастағы жүкті әйел бар. Тағы 4 жасөспірім ауыр дене жарақатымен, Жетібай ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Балалардың ең кішісі 2-ге де толмаған. Түнде 8 жасар жеткіншекті Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына әкелді. Жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Арнайы сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы