Атырауда инфекциялық стационар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда инфекциялық стационар жабылды

14.09.2021

Атырауда коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін ашылған инфекциялық стационар жабылды. Мұнда жағдайы ауыр науқастар ем алған болатын. Меншікті тілшіміз Жандос Темірғали қазір тікелей байланыста.

Жандос Темірғали, тілші:
Біз қазір облыстық аурухананың алдында тұрмыз. Инфекциялық стационар осы медициналық мекеменің жанынан шілде айында яғни, індет бой бермей тұрған тұста ашылған еді. 230 орынға шақталған. Бүгінге дейін бұл жерден жағдайы ауыр 441 науқас емделіп шықты. 

Облыста дәл осындай бірнеше стационар бар. Онда науқастар ем алып жатыр әлі де, ал жалпы өңірде эпидахуал оңалып келеді. Соңғы аптада вирус жұқтырған науқастар саны азайды. Бүгін қатерлі індеттің құрығына 77 адам ілікті. Өткен екі тәулікте 17 тұрғын жан тапсырды. Қазір 59 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу