Павлодарлық ветеринарлардың жалақы мәселесі шешілмей келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық ветеринарлардың жалақы мәселесі шешілмей келеді

13.09.2021

Екі айдан бері жалақы ала-алмай жүрген Павлодарлық ветеринарлардың мәселесі сол күйі шешілмеді. Бұған дейінгі хабарымызда өңірдегі мал дәрігерлерінің жалақы алмағанын және бірнеше маманның жұмыстан заңсыз қуылып, қудаланғаны туралы айтқан болатынбыз. Еңбекақы қарызын жабу үшін 140 млн.теңге бөлінеді-деген жергілікті басқарма уәдесінен айныды дейді ветеринарлар. Басқарма ветеринарлық станция басшыларына өзге жұмыстарға бөлінген қаржы есебінен еңбекақыны төлеуді ұсынып, нұсқау хат жіберді. Алайда құжат бойынша ол қаржы алдағы 4 айдың ішінде Павлодар қаласы аумағында ауырған малды союға, мал өлексесін көметін орындарды қардан тазалауға және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға жұмсалуы тиіс дейді мамандар.

Серікбай Құрымбаев, Павлодар қаласының ветеринарлық станциясының басшысы: 
 Бір күнде мына иттерді аулай алмаймыз. Онда 1 күнде мыңнан аса ит аулау керек. Оның барлығын бітіру үшін жоспарды. 4 айдың ішінде жасайтын жұмысты олар маған 1 күнде жаса-деп отыр. Олардың әрекеттері мені қылмыстық іске итеріп отыр. Егер біз оны жасасақ біз қылмыскер болып саналамыз. 

 Алайда басқарма басшысы игерілмеген қаржы бар екенін, соның есебінен айлықтың төленуі заңға қайшы емес дегендігін алға тартты.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу