Ақмола облысында үй өртеніп, екі адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында үй өртеніп, екі адам көз жұмды

10.09.2021

Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, салдарынан 2 адам көз жұмды. Бурабай ауданының Қарашілік ауылындағы жер үйлердің бірі отқа оранған. Оқиға орнынан 52 жастағы ер адам мен 40 жастағы әйелдің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, өрт сөндірілмеген темекі тұқылынан шыққан болуы мүмкін. Қазір тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.   

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу