АҚШ-та «Ида» дауылынан қаза тапқандардың саны 65-ке жетті. Марқұм болғандар - Луизиана, Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарының тұрғындары. Бұған қоса, бірнеше америкалық із-түссіз жоғалып, Луизианада 600 мыңдай адам электр жарығынсыз отыр. Ал, Нью-Йоркте метро станцияларын су басты. Мұнда күшті тасқын жүріп, 1200 тұрғын үйге зақым келген. Штат губернаторы Кэти Кохулдың сөзінше, табиғи апаттан келген шығын мөлшері - 50 миллион доллар.
Арай Төлегенқызы