Ұлттық санақ басталғалы бері 302 мыңнан астам онлаин санақтан өткен. Алғашқы 5 күннің қорытындысына қарай елорда тұрғындары көш бастап тұр. 46 мың 500-ге жуық астаналық сауалнамадан өткендігі туралы хабарлама алған. Сосын 43 мың 700-дей алматылық және 40 мың 800 шымкенттік тұрғын сұрақтарға дұрыс жауап берген.
Ал, Маңғыстау мен Атырау өңірінің халқы бұл науқанға қатысуға аса белсенділік байқатпай отыр. Азаматтардан санақ кезінде алынған барлық ақпарат Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Бұл жүйенің санақ қарсаңында ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сынақтан өткізілді. Яғни, оң нәтижеге ие болған.
Естеріңізге салайық, sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы жұмыс істейді. Онлайн сауалнамаға қатыспағандар 1-30 қазан аралығында санақшылардың сауалдарына жауап бере алады.
Нысаналы Ығыл