Елімізде егін алқаптарындағы өнімнің жартысы жиналды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша қазір күзгі науқан қызып тұр. Шаруалар 23 миллион гектар аумаққа егілген астықтың 49 пайызын жинаған. 140 мыңнан астам трактор мен 36 мыңнан астам комбаин егін алқаптарына тартылған. Уақтылы басталған науқанды тоқтатпай дер кезінде аяқтау үшін оларға 400 мың тонна дизель отыны арзан бағамен берілген. Десе де Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл астық көлемі қуаңшылыққа байланысты азырақ болуы мүмкін деп болжаған. Диқандар да шығынға бататынын айтып, бидай бағасын көтеруді талап еткен еді.