Қостанайда егін орағы тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда егін орағы тоқтап тұр

22.09.2014
Қостанайда егін орағы тоқтап тұр

Еліміздің астықты аймақтары -  Қостанай мен Солтүстік Қазақстанда егін орағы тоқтап тұр. Соңғы екі айдағы жауын-шашыннан диқандардың шаруалары шатқаяқтаған.

Қостанай облысында барлығы 4109,7 гектар алқапқа егін себілді. Солтүстік Қазақстан шаруаларының астық сепкен жер аумағы - 3274,2 гектар. Өнімнің жартысы жиналды. Тек қалғанын  оруға ауа райының орайы келмей тұр.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу