Коронавирустың биыл қаңтарда Колумбияда табылған «Му» варианты әлемнің 43 еліне тараған. Қазір жаңа инфекцияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жіті қадағалап отыр. Бүкіләлемдік органды «Му» нұсқасы «дельта» штамынан жұқпалы ма деген сұрақ толғандырады. Әсіресе, оның Колумбия мен Эквадорда тарау ауқымы жоғары.
«Рейтердің» дерегінше, Колумбияда коронавирусқа шалдыққандардың 39 пайызынан осы штам табылса, онымен байланысты өлім-жітім 60 пайызға жетіп отыр.
Арай Төлегенқызы