«Омикрон» көршілес Ресейге де жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Омикрон» көршілес Ресейге де жетті

06.12.2021

Коронавирустың «омикрон» штамы Ресейге де жетті. Ол мұнда Оңтүстік Африка Республикасынан оралған екі адамнан анықталған. Мұны бірнеше сағат «Роспотребнадзор» хабарлады.

Айта кетсек, осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ковидтің жаңа түрі әлемнің 38 еліне тарап, АҚШ-тың 11 штатына мен туристер көп баратын Мальдив аралдарынан да табылғанын мәлімдеген еді.

«Омикрон» өткен айда Оңтүстік Африкада өрши бастады. Ол аса жұқпалы деген болжам айтылып отыр. Дегенмен бұл штамм «дельтадан» қауіпті ме деген сауалға әзірге нақты жауап жоқ.

Келешектегі пандемиялар қазіргіден қауіпті болмақ

 Ал Оксфорд университетінде «Астра-Зенека» вакцинасын жасауға атсалысқан профессор Сара Гилберттің сөзінше, келешектегі пандемиялар қазіргіден де жұқпалы әрі ажалды болмақ. Сондықтан ғалым оған дайындыққа қаржы бөлуге шақырды. Тағы бір сөзінде Гилберт «омикронға» да тоқталып, оның тікенегіндегі протейн коронавирустың жұғу мүмкіндігін тіпті арттыруы мүмкін екенін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу