Жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы да қайғырып көңіл айтады. Бейбіт күндегі жарылыс, қапыда шейіт болған азаматтар ел-жұрттың қабырғасын қайыстырды. «Артындағы еліне сабыр берсін, енді жастар қыршыннан қиылмасын» дейді өңір ардагерлері. Бүгінгі аза тұту күнінде боздақтарға дұға бағыштап, ойын-сауықты бір сәт тыйып, қиындыққа душар болған халықпен бірге екендіктерін білдірді.
Мақсот Берген, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:Батыс Қазақстан облысының 83 мың ардагері атынан дүниеден өткен азаматтардың жанұяларына қайғырып көңіл айтамыз. Азаматтардың жатқан жері жарық болсын, жаны жәнната, иманы жолдасы болсын. Енді мұндай қайғылы жағдай елімізде болмасын.
Ардақ Мұратқызы