Сенат төрағасы жарылыстан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы жарылыстан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

29.08.2021

Алапат жарылыстан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына елге белгілі азаматтар көңіл айтып, сабырлыққа шақыруда. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында енді мұндай оқиғаның қайталанбауын тіледі.

Жоғары палата спикері «Бейбіт күнде арыстай азаматтарымыздан айырылып қалу бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. Қаза болған азаматтардың жақындарына қайғыларына ортақтасып, тағы да көңіл айтамыз. Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерліктерімен ел жадында сақталады» деп жазды.

Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров«Отан алдында борышын өтеуде қаза тапқан боздақтар мәңгі есімізде! Қаза болған жауынгерлердің ата-анасына, туған туыстарына қатты қайғырып көңіл айтамыз» деп жазба қалдырды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу