Қытайда мейрамханадағы жарылыстан 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда мейрамханадағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

21.10.2021

Қытайдың Шэньян қаласындағы мейрамханалардың бірінде жарылыс болып, 1 адам қаза тапты. 33 кісі жараланған.

Алдын-ала мәліметтерге сай, ғимаратта газ жарылған болуы керек. Мейрамхана түгелдей қирап, іргелес нысандарға да зақым келген. Оқиға орнында қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу