Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы жарылыста қаза тапқандардың үйіне барып, орны толмас қазаға байланысты марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, ведомствоның баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Ақниет Балтанова