Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданында бір отбасы жидектен уланып қалды. Оқиға 16 шілде күні болған. Болжам бойынша, олар аулада өсіп тұрған белгісіз жемістен улануы мүмкін. Ертеңіне анасы мен балалардың жүрегі айнып, басы айналған. Ал 5 жастағы қыз ұйқысынан оянбай қалған. Отбасы мүшелері облыстық балалар ауруханасына санитарлық авиациямен жеткізілген.
Инна Тальникова, Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
17 шілде күні 7 айлық, 8 және 11 жастағы 3 бала жеткізілді. Бірінші тәулікте жансақтау бөлімінде болып, барлық медициналық көмек көрсетілді. Ертеңіне жағдайлары жақсарғасын нефрология бөліміне ауыстырылды. Қазір нақты неден ұшынғаны анықталып жатыр. Жағдайлары тұрақталғасын сенбі күні балалар үйге жіберілді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ