Шымкентте қонаққа барып, уланып қалған отбасының сәбиі қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қонаққа барып, уланып қалған отбасының сәбиі қайтыс болды

14.02.2020
Шымкентте қонаққа барып, уланып қалған отбасының сәбиі қайтыс болды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын отбасы Шымкенттегі туыстарына қонаққа келіп, белгісіз заттан уланып қалды. Саларынан 2019 жылы туған сәби қайтыс болды, 2017, 2014 жылғы балалар мен 2000, 2002 жылғы жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.

Олар белгісіз заттан уланып қалған, бірінші-үшінші дәрежеде улы шок алған. Балалар жансақтау бөліміне жатқызылды, олардан алынған анализдер зерттеуге жөнелтілді.

Төтенше жағдай қызметкерлері пәтерді тексеріп шыққан. Газдан уланбаған. Тағамның барлығы сараптамаға жіберілді. Тергеу жүріп жатыр.

Хабарламаларға жазылу