Қызылорда облысында ұлттық спорт мектебі ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында ұлттық спорт мектебі ашылмақ

25.08.2021

Қызылорда облысы еліміздегі мамандандырылған ұлттық спорт мектебі жоқ жалғыз аймақ. Сондықтан өңірде мамандандырылған мектеп ашу жұмысын қолға алу жайы пысықталды. Дегенмен ұлттық спортты дамыту бағытында іргелі істер бар. Облыста көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату секілді спортпен шұғылданушылар саны мыңнан асады. Ал ұлттық және ат спорты түрлері клубында тұрақты түрде 200-ге тарта спортшы тәлім алады. Ол үшін біліктілігі жоғары жаттықтырушылар тартылған. Нәтижелері де жаман емес. Кездесуде спорт жанашырлары өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.

Бекболат Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:
Кез келген нәрсе дамуы үшін мектептен басталады.Ұлттық спорт мектебінің болмауы көңіл көншітер шаруа емес. Сондықтан бірнеше ұсыныстарымызбен келдік. Кейбір кадрлық мәселелерге байланысты, кейбір спорт түрлері аккредитациядан өтпеген мысалы үшін. Біраз мәселенің басын ашып алған сияқтымыз. 


Хабарламаларға жазылу