![Павлодарлықтар ат спорты үйірмесіне 18 жастан қатыса алады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51268.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодарлық тұрғындар ат спорты үйірмелеріне қатысу үшін кәмелеттік жасқа толған болу керек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . Бұл туралы Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша спорт клубы директорының орынбасары Серік Досымханов хабарлады.
«Біздің орталықта ат спортына дайындайтын бөлімдер бар. Мұндағы спортшылардың барлығы - 18 жастан асқан ересек адамдар. Себебі бізде балаларға арналған үйірмелер жоқ. Бұған қоса, ұлттық спорт түрлерінен бапкерлік жасайтын мамандардан тапшылық көрудеміз», - деді С. Досымханов.
Айта кетерлігі, Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша балалар - жасөспірімдер спорт мектебі 1993 жылы құрылған. Қазіргі таңда орталықта 200-ге тарта спортшы дайындалуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарлықтар ат спорты үйірмесіне 18 жастан қатыса алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/100951/)