Бүгін «Kazsport» ҚР қазақ күресі федерациясының І кубогын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Kazsport» ҚР қазақ күресі федерациясының І кубогын көрсетеді

15.12.2015
Бүгін «Kazsport» ҚР қазақ күресі федерациясының І кубогын көрсетеді

Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырып ҚР қазақ күресі федерациясының І кубогы өтті. Клубтық командалар арасында алғаш рет ұйымдастырылған додаға еліміздің барлық аймағынан 16 клубтық команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жүлде қоры 20 миллион теңгені құраған қазақ күресінің аламанын өткізуге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі қолдау көрсеткен.

Спортшылар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және + 100 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде сынға түсті. Кубоктың алғашқы күнінде 14 команда күш сынасса, олардың арасынан Жамбыл және Қызылорда облысының қазақ күресі клубтарына финалдық кезеңге іріктеусіз жолдама берілді. Алғашқы күнгі іріктеу сындарынан 6 команда сұрыпталды.

Осылайша финалдық белдесулерде бақ сынаған командалар:

Жамбыл облысы қазақ күресі клубы, «Алаш арландары» Қызылорда облысы қазақ күресі клубы, Алматы қаласы, Алматы облысы және Қарағанды облысы жоғары спорттық шеберлігі мектебінің командалары, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің командасы, Семей мемлекеттік медицина университетінің командасы, ШҚО, Тарбағатай ауданы М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі командасы.

Айта кетейік, қазақ күресінен еліміздің ең мықты палуандарының бәсекесін бүгін, 15 желтоқсан, «Kazsport» телеарнасы сағат 19:00-де көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу