Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ХІХ отырысы аясында Елордада арнайы дөңгелек үстел өтті. Бұл шара сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі мен Назарбаев орталығы ұйымдастырған жиынның алғашқы отырысы Үндістандағы Сомая Видьявихар университеті базасында бастау алды. Ары қарай Пәкістан, Швейцария, Чехия, Сауд Арабиясы, Армения, Венгрия мен Германия сынды өзге де мемлекеттерде жалғасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын, рухани дипломатия принциптерін халықаралық деңгейде насихаттауға атсалысады.
Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі н.назарбаев орталығының басқарма төрағасы:5-6 қазанда біз секретариат отырысын өткіземіз. Сондықтан осындай үлкен шара алдында әр мемлекетте 20-ға жуық дөңгелек үстел ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Баяндама жасайтын өте мықты мамандарды жинадық. Мақсатымыз-біз атқарып жатқан жұмыстарды әлемдік деңгейде таныту.
Ақниет Балтанова