Халықаралық жарыста қазақстандық жауынгерлер алда келе жатыр
Армия халықаралық ойындарының 2 түрі Қазақстанда өтетін болды. Артиллерияшылар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының додасы Жамбыл облысындағы Мәтібұлақ полигонында басталды. Ашылу салтанатына қатысқан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 40 тан астам елден келген команда мүшелерін құттықтап, сәттілік тіледі. Жалпы әскери ойындар 11 мемлекеттің аумағында өтіп жатыр. Алғашқы кезеңдерде жерлестеріміздің нәтижесі жаман емес. Арменияда өтіп жатқан «Әлем жауынгері» , «Сұңқар аңшылығы» конкурстарында жерлестеріміз көш бастап тұр. Ал, Разяньда өтіп жатқан «Тактикалық мерген» және десантшылар жарысында әзірге екінші орында келе жатырмыз. Ал, Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында біздің танктерге бірінші кезеңде ешкім жете алмады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ата-анаға қатігездік: Агрессия қайдан шығып жатыр?
14.09.2025, 20:44

Қымбатшылықты қалай тежейміз?
14.09.2025, 20:41
Ішкі нарықта отандық өнім неге аз?
14.09.2025, 20:39
Бір палаталы Парламент: Референдум не үшін керек?
14.09.2025, 20:37
Цифрлық мемлекет деген не?
14.09.2025, 20:24
Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
14.09.2025, 20:21
Ливерпульде бокстан Әлем чемпионатының финалы өтіп жатыр
14.09.2025, 20:19
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41