«Ұлы дала рухы» фестиваліне 7 мыңнан аса спортшы қатысады
Бүгін республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі басталды. Бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өтіп жатқан фестивальдің ашылу салтанатында алдымен жеребе тартылды. Жалпы ұлттық спорт түрлерінен жарыс 2 кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңдегі аймақтық іріктеуден үздік шыққан спортшылар, елордадағы басты додада бақ сынайды. Бір жарым ай бойы жалғасатын дүбірлі сайысқа 7 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.
Нұркен Байбөреев, ҚР Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушысы:Басты мақсат-ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді көптеп тарту. Ат спорт түрінен 4 спорт бар: көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу. Тоғызқұмалақ пен асық ату, қазақша күрес те бар.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01