Атырауға «Vero Cell» вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауға «Vero Cell» вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді

24.08.2021

Атырауға тағы да Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді. Қытайлық препарат өңірдегі 59 егу пунктіне таратылды. Sinopharm компаниясы шығарған өнімнің I компонентін 1700 тұрғын алып үлгерді. Қазір облыста аталған вакцинаның 30 мың дозасы бар. Мұнайлы аймақта эпидахуал әлі де күрделі. Бүгін анықталған 302 адамның 55-і Теңіз кенішінен тіркелді. 93 науқас реанимацияда жатыр. 7 тұрғын қайтыс болды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу