Атырауға 17 мың доза вакцина жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауға 17 мың доза вакцина жеткізілді

23.04.2021

Атырауға «Спутник V» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізілді. Дәрілік препараттың 7 мың данасы Теңіз мұнай кенішіндегі жұмысшыларға салынады. Өңірдегі 25 екпе егу пункті препаратпен толық қамтылады. Енді жауаптылар халық көп жүретін ірі сауда орталықтарынан қосымша егу пункттерін ашуды көздеп отыр. Жыл басынан бері облысқа 47400 вакцина жеткізілді. 15 мыңнан астам тұрғын екпе алды.

Светлана Орынбасарова, вакцина сақтау қоймасының меңгерушісі:
Ертеңнен бастап осы Атырау облысындағы медмекемелерге жеткіземіз. Жылжымалы холодильнигіміз бар. Сонымен тасымалданады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу