Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары тойды үйлерінде жасауға көшкен.
Мобильді топ мүшелері кезекті рейд кезінде тұрғын үйлердің бірінде өтіп жатқан тойды тоқтатты. Арыс қаласының тұрғыны есігінің алдына шатыр тігіп, отбасылық шараға 50-ге тарта қонақ шақырған. Тойға келген тұрғындарды полицейлер тез арада тарқатып, үй иесіне әкімшілік хаттама толтырды. Ал мына тойханада 150-ге жуық қонақ жиналған «Қыз ұзату» тойы өтіп жатқан. Жалпы жыл басынан бері арыстық тәртіп сақшылары карантин талабын бұзған 500-ге тарта дерек тіркеген.
Айнұр Ақбаева