Түркістан облысында 50 тойхананың ісі сотқа өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 50 тойхананың ісі сотқа өтті

17.08.2021

Түркістан облысында той өткізуді тоқтатпай отырған 50 тойхананың ісі сотқа өтті. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 34 тойхананың қызметтерін уақытша тоқтатуға қатысты сот шешімдері шығып қойған. Алайда мейрамханалардың иелері тиісті айыппұлдарын төлеп, жасырын той өткізуді жалғастыра берген. Мәселен, жыл басынан бері мобильді топ пен полиция қызметкерлері 726 отбасылық мерекелерді тоқтатқан. Отбасылық шаралардың 435-і мейрамханаларда, 300ге жуығы жеке үйлерде ұйымдастырылған. Ордабасы ауданында «Шаңырақ» тойханасында 9 рет, Арыс қаласындағы «Асылай» тойханасында 8 рет той өткізілген. Ал, Сарыағашта «Алтын Ғасыр» тойханасы 6 рет ұсталған. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы «Ұлытау» мен Мақтарал ауданындағы «Феруз» тойханалардың иелері санитарлық талаптарға мүлдем бағынбай отыр.

Ардақ Берденова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
Кейбір тойханалар соттың шешімі екі рет шықса да той өткізулерін жалғастырып отыр. Бұл бойынша тағы да айппұл салуға хаттамалар толтырылады. Жыл басынан облысымызда карантин талаптарын бұзу бойынша 224 млн аса айыппұл салынды.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу