Шымкентте жасырын той өткізу тоқтамай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жасырын той өткізу тоқтамай тұр

28.07.2021

Шымкент қаласы «Қызыл аймақта» болғанына қарамастан тұрғындар той өткізуді тоқтатпай тұр.

Мобильді топ мүшелері кезекті рейд жүргізу кезінде 60 адам жиналған тойды таратқан. Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан мейрамхана қызметкерлері бетперде тақпай жүрген. Тойхана әкімшісінен түсініктеме алынып, иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, Абай ауданындағы мейрамханада жүзден аса адам жиналған той тарқатылды. Мұнда да карантиндік талаптар сақталмаған.


Хабарламаларға жазылу