Жетісайлық тұрғыннан 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісайлық тұрғыннан 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді

19.08.2021

Түркістан облысында полицейлер 1 тоннадан астам қарасора мен 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткіні тәркіледі. Жетісай ауданының тұрғыны «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлердің күдігіне іліккен. Үйінің ауласын тінту кезінде қарасора өсімдігі табылған. Тәртіп сақшылары 840 түп қарасораны жұлып, көзін жойды. Бұдан бөлек, тұрғын үйден сіріңке қорабына салынған есірткі затының жапырақтары табылды. Аталған жәйт бойынша қылмыстық кодекстің 300-ші бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу