Н.Мәсімовтің ісі сотқа жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Мәсімовтің ісі сотқа жіберілді

26.12.2022

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі оған және орынбасары мен тағы бір кәсіпкерге ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағып отыр.

Яғни, мемлекеттік сатып алу кезінде 90 млн теңгеден астам қаржыны жалған компаниялар арқылы иемденген. Сондай-ақ арт-техқару сатып алуға бағытталған 420 млн теңге бюджет қаражатына қол салған.

Еске салайық Нұрлан Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылды. Сәуір айында оған іздеу жарияланып, шекара аспақ болған жерінен ұсталған.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу