Елордада бірқатар мекеме санитарлық талапты сақтамағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бірқатар мекеме санитарлық талапты сақтамағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

16.08.2021

Елордада 17 нысан санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мониторингтік топтардың мәліметіне сәйкес, көпшілік жиналатын орындардың басым көпшілігі Есіл ауданы аумағында орналасқан. Олардың қатарында мейрамханалар, түнгі барлар мен үстел теннисі клубы, тіпті киім дүкендері бар. Карантин талабын бұзу Алматы мен Сарыарқа ауданындағы бірқатар орындарда да тіркелді. Жиналған бүкіл материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға берілді. Қалада эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Сондықтан санитарлық талапты сақтап, көпшілік жиналататын орындарға бармаған дұрыс,- дейді мамандар.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу