Қызылордада адам көп шоғырланатын орындарға қатаң бақылау жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада адам көп шоғырланатын орындарға қатаң бақылау жүргізілуде

19.03.2020

Індеттің таралуына жол бермеу үшін әр өңірде жедел штаб құрылып, адам көп шоғырланатын орындарға қатаң бақылау жүргізілуде. Талапты елемегендер айыппұл арқалап, әкімшілік жазаға тартылып жатыр. Қызылордадағы халыққа қызмет көрсету орталығына құжат рәсімдеуге күнделікті мыңға жуық адам келіп-кетеді. Бірақ, ғимарат ішінде бірде бір антисептик сұйықтықтар орнатылмаған. Қала әкімі мекеме басшысына ескерту жасап, санитарлық-дизинфекциялық талаптардың сақталуын міндеттеді. Мобильді топ сондай-ақ, азық-түлік сататын ірі сауда орнына барды. Ең бастысы сөрелер толып тұр. Ал киім-кешек саудасымен айланысатындарға базар иелері тарапынан жеңілдіктер қарастырылатын болды.  

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу