Атырау облысындағы Теңіз кен орнында вакцина алғандар 92 пайыздан асты. Енді екпе салдырғандар кәсіпорынға кірерде және вахта аяқталғаннан кейін ПТР тапсырмайды. Сондай-ақ, вакцина алған жұмысшылар вахталық ауысым аяқталғаннан кейін оқшауланбайды. Өңірде вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін бірінші компонентті 164 мыңнан астам тұрғын қабылдап үлгерді. Қазір вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны өткізілуде. Өткен демалыс күндері 10 адам олжалы болды. Әрқайсысына 200 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Жандос Темірғали