Бокстан ұлттық құрама тізімі толықтай өзгеруі мүмкін - Артаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан ұлттық құрама тізімі толықтай өзгеруі мүмкін - Артаев

13.08.2021

Бокстан ұлттық құрама тізімі толықтай өзгеруі мүмкін. Бүгін Олимпиаданы қортындылаған жиында бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті Бахтияр Артаев осылай мәлімдеді. Әйтсе де мұндай өзгеріс спорттың барлық түріне қатысты болуы мүмкін. Себебі, Олимпиада нәтижелеріне арнайы талдау жүргізіледі. Бұл жұмыстар 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Алдағы аптадан бастап жауапты министрлік пен спорт федерациялары Олимпиада ойындарының барысы туралы егжей-тегжейлі есеп беріп, байрақты бәсекедегі төмен нәтиженің себеп салдарын саралайды. Содан кейін ғана олқылықтардың орнын толтыру шаралары қолға алынбақ. Жалпы, Токиоға барған Қазақстан делегациясының құрамында барлығы 196 адам болды. Оның ішінде спортшы мен жаттықтырушы саны 157, 20-сы кешенді ғылыми топтардың маманы, штабтан – 9 адам, және төртеуі антиковидтік шаралармен айналысты. Еске салайық, Токио олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз арасында өтті. Қазақстан қоржыны 8 қола медальмен толықты. Алғаш рет алтын бұйырмаған додада медальдар есебі бойынша Қазақстан 83-орынға тұрақтады.

Бахтияр Артаев, Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті:
Өте нашар көрсеткіш, бұл жерді ешкім ешкімді ақтайын деп жатқан жігіттер қолынан келгенін бәрін істеді. Осыған байланысты жуырда Сербияда әлем біріншілігі болады. Ұлттық құраманың тізімін өзгертіп, жақсы нәтижеге жетеміз деген үміттеміз.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу