Ұлттық құрама футболшыларының тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрама футболшыларының тізімі жарияланды

25.09.2014
Ұлттық құрама футболшыларының тізімі жарияланды

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерi Юрий Красножан Еуро-2016 iрiктеу додасының аясында өтетiн Нидерланд және Чехия құрамаларымен өтетін ойынға дайындалатын футболшылардың тiзiмiн жариялады.

10 қазан күнi Ұлттық құрама «Amsterdam Arena» стадионында Нидерланд құрамасымен кездессе, 13 қазан күнi елорданың «Астана-Арена» стадионында Чехия құрамасын қабылдайды.

Ұлттық құрама тізімі:

Қақпашылар: Владимир Логиновский (Астана), Александр Мокин, Стас Покатилов (екеуі де Шахтер), Андрей Сидельников (Ақтөбе).

Қорғаушылар: Ренат Абдулин (Атырау), Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Виктор Дмитренко (үшеуі де Астана), Илья Воротников (Тараз), Марк Гурман, Ермек Қуантаев (екеуі де Қайрат), Александр Киров (Шахтер),  Юрий Логвиненко, Дмитрий Мирошниченко (екеуі де Ақтөбе), Гафур Сүйiмбаев (Ордабасы), Генрих Шмидтгаль (Фортуна), Константин Энгель (Ингольштадт)

Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов (Тобыл), Бауыржан Исламхан, Самат Смақов, Аслан Дарабаев, Станислав, Лунин (төртеуі де Қайрат), Бауыржан Жолшиев, Георгий Жуков (Астана), Андрей Карпович (Атырау), Ұлан Қонысбаев (Шахтер), Валерий Коробкин, Асхат Тағыберген (екеуі де Ақтөбе), Азат Нұрғалиев (Ордабасы).

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Андрей Финонченко (Шахтер), Таңат Нөсербаев (Астана), Сергей Хижниченко (Корона).

Ұлттық құрама футболшылары  қазанның 7-сi күнi Амстердамға ұшады.

Хабарламаларға жазылу