Бүгін - Абай күні. Айтулы датаға орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хәкімнің шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттау қажеттігін айтты.
Бұл туралы Мемлекет басшысы твиттердегі парақшасында жазды.
«Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Дарын Сағитов