Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады

Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады

Мемлекет басшысы ел ішінде резонанс тудырған қылмыстық істердің тергеу нәтижелерімен танысты. Президентке есеп берген бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов алаяқтық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі айналымы және басқа да құқық бұзушылықтармен күрес туралы баяндады. Қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделіне өтудің алғашқы кезеңі жайлы да айтып берді. Бас прокурордың мәліметіне сәйкес, биыл 5 мыңдай азаматтың және 92 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалып, қазынаға 17 миллиард теңге қайтарылған. Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді.

Шерхан Жамбылұлы

Бөлісу