Карантин тәртібін бұзғандар саны азаяр емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин тәртібін бұзғандар саны азаяр емес

06.08.2021

Елордада эпидахуал әлі де күрделі. Соған орай мониторингтік топ өкілдері бір тәуліктің ішінде қаладағы 11 мекеменің тәртіпке бағынбай жұмысын жалғастырып келе жатқанын анықтады. Олардың арасында шахардың әр бөлігінде орналасқан кафелер, дәмханалар мен ойын клубтары бар. Бақылаушы топтың мүшелері қоғамдық орындардың карантин тәртібін өрескел бұзуы азаймай тұрғанын айтады. Әсіресе, демалушылардың бетперде тағуға селқос қарайтыны байқалады.

Еске сала кетейік, соңғы уақытта елордада бір тәулікте ғана мыңнан аса адам ковид жұқтырады. 300-дей адам ауыр жағдайда ауруханаға түсіп жатыр. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу