Елордада карантин тәртібін бұзған мейрамханалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада карантин тәртібін бұзған мейрамханалар анықталды

04.01.2021

Елордада мерекелік демалыс күндері ондаған көңіл көтеру орындары карантин тәртібін бұзды. Мониторингтік топтар жүргізген рейд барысында бірнеше нысан анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Енді дәмханалардың иелері уақыт шектеуін елемегені әрі көп адам жиналатын кештер өткізгені үшін жауапқа тартылады. Тексеріс кезінде жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынған нысандардың да қызмет көрсеткені анықталған.  

Ал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, 1 қаңтарға қараған түні карантин тәртібін бұзғандар қатары бұрынғысынан екі есе көбейген. Ел бойынша 31 желтоқсаннан бері 800-ден астам рейд өтіп, заң бұзған 70-ке тарта бизнес нысаны анықталды. Оның 65-не әкімшілік айыппұл салынды деді министр.  

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу