Cанитарлық талапты сақтамағандарға 100 АЕК дейін айыппұл салынады

25.05.2020

Қарағанды қаласында карантинге байланысты тыйым салынған сауда орындары мен бизнес орталықтары заңсыз жұмыс істеп келген. Тәртіпке бағынбағандардың әрекеті арнайы рейд барысында әшкере болды. Ал жұмысына рұқсат берілген кей нысандардың өзі сақтық шараларын сақтамай отыр.

Жалпы өңірдегі қала, аудандарда 51 мобильдік топ рейд жүргізіп, 478 нысанды тексерді. Енді соның негізінде карантин тәртібін бұзғандар жазаға тартылмақ. Cанитарлық талапты сақтамағандарға 100 АЕК дейін айыппұл салынады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу