Өскеменде жүргіншілер жолағы сары және ақ түспен таңбалануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде жүргіншілер жолағы сары және ақ түспен таңбалануда

03.09.2019

Бұл оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға арналды. Бүгінде Шығыс Қазақстанның бас шаһарында барлығы 53 мектеп бар. Оларың 22-сі жолға жақын орналасқан. Жаңа оқу маусымы қарсаңында қалалық полиция басқармасы осы мектептердің маңындағы жолдардың техникалық жағдайын жіті бақылауға алды. Оқушылар жолдан өтетін жерлердің барлығына «Абайлаңыз балалар» деген және басқа тиісті жол белгілері қойылуда. 

Әсел Әміренова, Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз хатшысы:

Жаяу жүргіншілердің, соның ішінде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалардың алдын алу мақсатында жолдың техникалық жағдайына, яғни бағдаршам, жол белгілері, жасанды полицей және тағы басқа белгілерге полиция қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 7 мектептің қасындағы жаяу жүргінші жолағы жарықтандыру белгілерімен жабдықталуда.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу