Ираншыл қарулы топ Оман шығанағында «Асфальт Принцесса» атты танкерді басып алды. Соңғы мәліметке қарағанда, су көлігіне Иранға қарай жүзу туралы бұйрық берілген. Дегенмен, Тегеран өзіне жақтас жасақтардың Панама туымен сапарға шыққан кемеге шабуыл жасағанын растамай отыр.
Осыдан бір аптаға жуық уақыт бұрын осы шығанақта Израиль иелігіндегі компанияға тиесілі мұнай танкері дрондық шабуылға ұшырап, 2 күзетші қаза тапты. Сол үшін АҚШ, Ұлыбритания, Израиль Иранды айыптаған еді. Алайда, Ислам Республикасы ол оқиғаға өзінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек