Атырау облысында су тапшылығынан мал қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында су тапшылығынан мал қырылып жатыр

03.08.2021

Атырау облысы Исатай ауданындағы Аққыстау, Жанбай, Зинеден елді мекендерінде су тапшылығынан мал қырылып жатыр. Осылай деп дабыл қаққан ауыл халқы әлеуметтік желіге балшыққа батып жатқан жылқылардың видеосын салған. Айтуларынша, негізгі тіршілік көзі Нарын каналы қолданысқа берілгелі 60 жылдан бері жөндеу көрмеген, тазартылмаған. Сол себепті су арналары бітеліп, томарланып кеткен. Далада су таппай шөлдеген көтерем мал өліп жатыр, сондықтан жергілікті тұрғындар амалсыздан қорадағы қой-ешкісін сатуға мәжбүр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу