Атырау облысында құстар қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында құстар қырылып жатыр

29.06.2022

Атырау облысында құстар қырылып жатыр. Айналасы екі аптада Қашаған мұнай кен орны аумағындағы екі жасанды арал мен ерекше қорғалатын «Шалыга» аралынан 6 мыңға жуық қанаттының өлексесі жиналды.

Жандос Темірғали, тілші:

Қашаған мұнай кен орны аумағындағы екі жасанды аралда қырылған 3 мыңға жуық қанаттының АН-5 құс тұмауынан өлгені белгілі болды. Ал, Ақжайық табиғи қорығынан табылған 2500- дай құстың әзірге неден қырылғаны белгісіз. Өңірге келген республикалық микробиология және вирусология институтының мамандары сынама алып, зертханаға жөнелтті. Қорытындысы 2-3 күнде шығуы тиіс. Қазір біртіндеп шектеулер енгізіліп жатыр. Біз осыған қатысты жауапты инспекциядан алдын-ала сұқбат жазып алған едік. Режисеерлер қосып жіберсе.

Мереке Шалқаров, Облыстық орман шаруашылығы және жануаралар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

Бірінші шілдеден ашылатын аңшылық маусымды уақытша тоқтатып қойып тұрмыз. Бүгін түнде Ұлттық резенттік орталықтан лаборатория ветеринарлық содан мамандар келе жатыр. Облыс бойынша түгел құстардан сараптама алынады. Соның қорытындысымен нақты ақпараттар шешіледі.

Жандос Темірғали, тілші:

Қырылып жатқан шағалалар. Арасында қызыл кітапқа енгені де бар. Енді осы оқиғадан кейін, экология министрлігі Каспий теңізінде кешенді зерттеу жүргізуде жоспарлап отыр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу