Президент Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады

03.08.2021
Президент Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді», - деп жазды Берік Уәли.


Хабарламаларға жазылу