Президент Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады

15.07.2019

Арыстағы апатқа байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады. Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңетілген отырысы өтіп, елдің әлеуметтік, экономикалық даму барысы мен болашақ басым бағыттар айқындалды. Түркістан облысы әкімінің баяндамасынан кейін Арыстағы апат мәселесі бөлек қаралды. Президент Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде министрліктегі жағдайдың мәз емес екендігін айтып, министрге қатаң сөгіс жарияалды. Бұл апаттың салдары жіті тексеріліп, оған кінәлілер жақын арада жауапқа тартылады.

Үкіметтің кеңейтілген отырсында барлық сала бойынша ҚР Үкіметіне нақты тапсырмалар жүктелді. Оның ішінде қазына қаржысын тиімді игеру мен халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру мен аймақтарды дамыту мәселесіне қатысты нақты тапсырмалар бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу