Түркістан облысында жыл басынан бері 600-ге тарта той тоқтатылған
Түркістан облысы «қызыл» аймаққа өткеніне қарамастан, той өткізу тыйылар емес.
Жыл басынан бері 600-ге тарта той анықталып, тоқтатылған. Мәселен, Сайрам ауданында жергілікті тұрғындар демалыс аймағының аумағында жасырын той өткізген. Шардара мен Сарыағаш аудандарында да отбасылық салтанатты шаралардың тоқтайтын түрі жоқ. Аймақта осы жылдың басынан карантин талаптарын бұзудың 4700 дерегі тіркеліп, санитарлық талаптарға бағынбағандардың ісі сотқа жолданған.
Әлихан Алентаев, Облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:
Келес ауданының мобильдік тобымен Келес ауданының тұрғыны 200-ге жуық адамды жинап, үйлену тойын өткізіп жатқан дерегі анықталды. Тойхана иесіне және той өткізген азаматқа қатысты тиісті құжаттар жинақталып, СЭС-ке жолданды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05