ШҚО-да 421 мыңнан астам адам екпенің бірінші компонентін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 421 мыңнан астам адам екпенің бірінші компонентін алды

30.07.2021

«Қызыл» аймақтағы Шығыс Қазақстанда короновирусқа қарсы екпены алғандар саны күн сайын артып келеді. Осы уақытқа дейін вакцинаның бірінші компонентін 421 мыңнан астам адам салдыртқан. Берік Көшербай баяндайды.

Бұл бейнекадрлар Өскемендегі жұқпалы аурулар бөлімшесінің бірінде түсірілген. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы күндері науқастар саны күрт көбейді. Көбі осы уақытқа дейін кеселге қарсы вакцинаны салдырмағанына өкінеді.

Зоя Кудрешова, Өскемен қаласының тұрғыны:
Коронавирус өте қауіпті ауру екеніне көзім жетті. Бірак біз оны да жеңіп шығамыз деп сенемін. Ең бастысы екпе алу алу керек. Ерте заманда да жұқпалы аурулар болған. Вакцинаның арқасында адамдар аман қалды ғой.

Ал вакциналаудың маңызы зор екенін түсінгендер екпе алуға асығуда. Бұл ретте Тарбағатай ауданындағы мұғалімдердің белсенділігі жоғары.

Талант Бейбіт, К.Нұрбаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары:
Енді К.Нұрбаев атындағы орта мектебінде жалпы вакцина алуға 131 адам жарамды. Соның 125-і екпе алды бірінші компанентін. Енді ол 95,7 пайызын құрайды. Жалпы екінші компонентін 64 адам алып отыр. Әлі де алып жатыр.

Бүгінде Шығыс Қазақстанда короновирусқа карсы вакцинаның екінші компонентін алған адам саны 300 мыңға жуықтады. Бұл жұмысты күшейту үшін облыс орталығында мобильды медициналық пунктер ашылған. Аудандарда да арнайы орындар жұмыс істеп тұр. Халық екпе салуға көптеп келіп жатыр. Дегенмен, арқаны кеңге салуға әлі ерте дейді, дәрігерлер.

Алмагүл Аштаева, аудандық аурухананың бас дәрігері:
Ақсуат регионы бойынша 3837 кісі бірінші компонентпен, 2498 кісі екінші компонентпен егіліп отыр. Күнделікті екінші компоненті жоспарлы түрде 21 күннен кейін егіліп жатыр. Алайда екпеге қарамастан ауырғандар азаймады. Себебі егу проценті әлі де төмен.

Бүгінде Шығыс өңірінде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 33 мыңнан асып кетті. Тек соңғы тәулікте облыс бойынша 261 науқас тіркелді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу