Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина алушылар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина алушылар саны артты

12.07.2021

Еліміз бойынша вакцина салдырғандар саны төрт миллион адамнан асты. Олардың тең жартысы екпенің екінші компонентін алып үлгерген. Жалпы вакцина салдыру жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр. Шаһарда жарты миллиондай тұрғын екпе алған. Қазір мұнда 212 егу пункті жұмыс істейді. Ал, елордада бір тәулікте екі жарым мыңдай адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Мыңнан астам адам екінші компонентін алған.

Әзиза Қанат, қала тұрғыны:
Ұжым үшін өте маңызды деп санаймыз. Өйткені, қаншама адамдармен араласып жатырмыз, қаншама адамдармен байланыста отырмыз, өзіміз үшін, жақындарымыз үшін осындай қауіпсіздікті сақтауымыз керек. Сондықтан, барлық Қазақстандықтарды вакцина алуға шақырамыз.

Мөлдір Әбдіраймова

Хабарламаларға жазылу