Елордада инфекциялық стационарлар 72%-ға толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада инфекциялық стационарлар 72%-ға толды

22.07.2021

Елордада эпидахуал күрт нашарлады. Жағдай тіпті былтырғыдан ауыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Қазір инфекциялық стационарлар 72 пайызға толған. Сырқаттар санының өсуіне байланысты ауруханалар қайта бейімделіп жатыр, жоспарлы емдеуге жатқызу уақытша тоқтатылды. Өйткені қолда бар ресурсты вируспен күресуге жұмсау қажет. Емдеу орындары инфекциялық режимге ауыстырылуда. Күніне індеттен 10-15 адам көз жұмып жатыр. Бұған себеп – тұрғындар әлі де өз бетінше емделуге тырысады, салдарынан ауыр жағдайда емханаға түседі.


Тимур Мұратов, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Эпидемиологиялық жағдай қорқынышты десек қателеспейміз. Өткен жылдың жазымен салыстырғанда, одан да күрделі. Бір жарым жылдың ішінде вируспен күресіп келеміз. Барлық жасап жатқан шаралар халық денсаулығы үшін. Эпидемиологиялық ахуал оң шешімін табу үшін халық вакцинациялау қажет.

Қазір елордада 320 мыңнан астам адам екпенің бірінші компонентін алды. Ал толық иммундаудан өткендердің саны 206 мыңдай адам. Жансақтау бөлімінде жатқандардың ішінде вакцина алған науқастар жоқ.




Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу