Түркияның курорттық аймағында ормандар өртеніп, кемінде бір ауыл жанып кетті. Тағы төрт елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Айта кетсек, Анталия - шетелдік және жергілікті туристер көп баратын аймақ. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, мұнда өрттің өршуіне аптап ыстық пен ұйытқыған жел себепші.
Түркия Ауылшаруашылығы министрлігі хабарлағандай, ормандарды тілсіз жаудан құтқаруға 19 тікұшақ, 108 машина, 400-дей персонал жіберілді.
Арыстан Рысбек